14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды

14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды
фото: pixabay.com

АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды, деп хабарлады АҚШ басылымдары. 

Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды, деп жазды Informburo.kz. 

"Сондай-ақ, Facebook, Instagram және TikTok желілерінде 14 жасқа дейінгі балалардың атына бұрын ашылған аккаунттар жойылады. Егер платформа иелері бұл талаптарды орындамаса, үстінен азаматтық шағым түсіріледі", – делінген хабарламада. 

Флорида өкілдер палатасының түсіндіруінше, бұл заңды қабылдаудағы мақсат – балаларды зорлықшылардан қорғау және балалардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің кері әсерін болдырмау.