фото: pixabay.com
Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасып келеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Астанада өткен Академиялық адалдық лигасының форумында мәлімдеді, деп жазды 24.kz.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, Қазақстан қазір бұл індетпен күресте халықаралық стандарттарды енгізіп жатыр. Соның бірі – студент жастардың арасында коррупцияға төзбеушілікті, заң талаптарын сақтауды, адалдықты насихаттау. Қазір бұл бастаманы 17 ЖОО қолдаған.
Сонымен қатар орта білім ошақтары да академиялық адалдық элементтерін енгізіп жатыр. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған заң мен тәртіп қағидасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған бағыттардың бірі.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы: - Жемқорлыққа қарсы білім беру, онымен күресу мәдениетін енгізу, стандарттарды бекіту, адалдыққа баулу – жемқорлықпен күрестегі ең маңызды шаралардың бірі. Сондықтан бүгінгі Академиялық адалдық форумының мәні зор. Ол білім саласында да жемқорлықты жоюға қадамдар жасалып жатқанын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ретінде біз бұл бастаманы қолдаймыз. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерде бұл стандарттар қолданылады. Қазақстан да осы тиімді әдістерді енгізіп жатыр. Заң мен тәртіп жемқорлықты жояды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через