Қоғамдық көлікке мінгенде жолақыны қай уақытқа дейін төлеу қажет

Қоғамдық көлікке мінгенде жолақыны қай уақытқа дейін төлеу қажет
фото: pixabay.com

Қолданыстағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" құжатта қоғамдық көлікке мінген адамның жолақыны қай уақытқа дейін төлеуі керектігі жазылмаған. Бұл әр өңірде түсінбеушіліктер туғызып келген еді, деп жазды informburo.kz. 

Мысалы, Алматы мен Астанадағы Қоғамдық көлік жүйесінің интернет ресурстарында "Жолаушы жолақыны автобус мінген кезде төлеуі тиіс" делінсе, кей өңірлерде "жолақыны сапар соңына дейін төлесе болады" деген түсінік қалыптасқан. 

Осыған орай, Көлік министрлігі бірізділік болуы үшін республиканың барлық өңіріне ортақ ережені бекітпек. Оған сәйкес, жолаушы жолақыны қоғамдық көлікке мінген уақыттан бастап бірінші аялдамаға тоқтағанға дейін төлеуге міндетті болады. 

"Тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттарында жол жүру төлемін жолаушы автокөлік құралының қозғалысы басталғаннан кейін және осы автокөлік құралының келесі аялдама пунктінде аялдауды жүзеге асыруға дейін жасайды", – делінген құжаттың жаңартылған мазмұнында.