Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек?

Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек?
фото: https://pixabay.com/ru/

Ағзаны энергетикалық сусындарсыз да қуаттандыруға болады. Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек? 

Қозғалыңыз

Жаттығу жасау - кофеинсіз ағзаны қуаттандырудың өте тиімді әдісі. Жаттығу жасауға немесе тіпті жылдам жүру арқылы серуендеуге болады. Жаттығу жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ эндорфиндердің және зейін қоюды арттыратын норадреналин деп аталатын химиялық заттың бөлінуіне ықпал етеді.

Энергияны арттыратын тағамдар жеңіз

Дұрыс тамақтану сіздің энергия деңгейіңіздің күні бойы тұрақты болып сақталуына көмектеседі. Қант баяу сіңетін гликемиялық индексі төмен тағамдар, әдетте, тез сіңетін қанттарды немесе тазартылған крахмалды жегеннен кейін пайда болатын энергияның сақталуын болдырмауға көмектеседі. Гликемиялық индексі төмен тағамдарға дәнді дақылдар, талшықтары жоғары көкөністер, жаңғақтар және зәйтүн майы сияқты пайдалы майлар кіреді. Ал көмірсуларға бай тағамдардың гликемиялық индексі жоғары болып келеді. Ақуыздар мен майлардың гликемиялық индексі нөлге жақын.

Пайдалы тіскебасарлар жеңіз

Пайдалы тіскебасарлар арқылы энергия деңгейіңізді тұрақты етіп ұстай аласыз. Кофенің орнына жемістер, жаңғақтар немесе грек йогурты сияқты пайдалы тағамдар жеуге тырысыңыз.

Су ішу режимін сақтаңыз

Су шаршаумен күресуге көмектеседі. Егер ағзаңызға сұйықтық жетіспесе, ұйқышылдық пен шаршаңқылық сезімі пайда болады. Сондықтан суды жеткілікті мөлшерде ішу маңызды.

Ұйқы режимін сақтаңыз

Сапалы ұйқы кофеинсіз сергек жүруге көмектеседі. Көбірек қуат алу үшін жеткілікті ұйықтау керек.

Алкогольден аулақ болыңыз

Алкоголь ішу энергия деңгейіне теріс әсер етеді. Үнемі сергек жүру үшін мұндай сусындардан аулақ болыңыз.

Тыныс алу техникасын үйреніңіз

Тыныс алу жаттығулары энергияны арттыруға көмектеседі. "Екі есе тыныс алу" әдісі симпатикалық жүйке жүйесін қоздырады. Ол үшін жылдам қысқа тыныс алып, ұзақ тыныс шығару керек. Мұны алдымен мұрын арқылы, содан соң ауызбен істеңіз. Қысқа үзілістер жасап, бес рет қайталаңыз.

https://kaz.tengrinews.kz/