фото: pixabay.com
Ресей үкіметі ұялы және стационарлық телефондарға интернет арқылы қоңырау шалу мүмкіндігін алып тастады, себебі телефон алаяқтары хабарласудың осы түрін пайдаланған. Бұл туралы министрлер кабинетінің сайтында хабарланды.
Қаулыға сәйкес, байланыс қызметтерін көрсетуге арналған лицензиялар тізбесінен дауыстық ақпарат жаза отырып, интернет-деректерді беруге арналған лицензия алып тасталады. Үкіметте атап өткендей, бұл технология «интернеттің көмегімен стационарлық телефон немесе ұялы байланыс желісін пайдаланатын адаммен байланысқа шығуға мүмкіндік берді».
"Көбінесе мұндай технологияларды алаяқтар пайдаланатын, себебі олар нөмірлерді ауыстыруға мүмкіндік беретін. Енді телефон алаяқтығының бұл түрі айтарлықтай шектеледі, себебі деректерді беру желілерін байланыстың телефон желілеріне қосу мүмкіндігі жойылады", - деп түсіндірді министрлер кабинеті.
Ресей үкіметі бұл шешім қарапайым телефон байланысын пайдаланушыларға еш әсер етпейтінін баса айтты.
«Мессенджерлерде дауыстық байланысты пайдаланатын адамдар стационарлық және ұялы телефон байланысы желісіне кірмей интернет арқылы қатынасуды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламаларды пайдаланады», - делінген хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через