фото: https://pixabay.com/ru/
Елімізде әр азамат орта есеппен 2 несиеден алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінде айтылған.
Бір қызығы, 2023 жылдың ішінде бір ғана ер адамның алған қарыздарының саны 69-ға барған. Яғни, әр ай сайын шамамен 5-6 несиеден алып отырған.
Ал алдыңғы 2022 жылы бір азамат 79 несие рәсімдеген.
Елдімізде кредит алудан рекордсмен атанған әйел бар. Аты-жөні аталмайтын ол 116 кредит арқалап үлгерген.
Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда 1 банктен ғана кредит алуды жөн көреді. Қазақстанда қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банктің алдында қарыз.
Екі банкте кредиті барлар үлесі – 26%. 3 банкке берешек болып қалғандар үлесі – 8%.
Бұған дейін агенттік тілшісі Қазақстандағы несие алушы азаматтардың жай-күйіне шолу жасаған болатын.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через