Алматыда жарнама тақтасын орнатып жатқан альпинист биіктен құлап, көз жұмды

Алматыда жарнама тақтасын орнатып жатқан альпинист биіктен құлап, көз жұмды
фото: pixabay.com

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне жарнама тақтасын іліп жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап кеткен, деп жазды kaz.inform.kz. 

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады.

– Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.