фото: https://pixabay.com/ru/
Бұл туралы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлайды.
8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап Алматы қаласында 22 сағатқа дейін қар жауа бастады.
Күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізілуде. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды.
64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес қарды тырмалау әрбір 5 см жаңа жауған қардан кейін жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.
Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.
Қарды жол жиегіне сыпырғаннан кейін, жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес, коллонналар құрылып, қарды шығару ұйымдастырылады.
Қар жауғаннан кейін жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіледі.
Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через