Әлемдегі ең көне автомобиль брендтерінің бірі Cadillac электрокар шығарады

Әлемдегі ең көне автомобиль брендтерінің бірі Cadillac электрокар шығарады
фото: https://pixabay.com/ru/

Cadillac 2025 жылы электрлік Escalade IQ көлігін шығаратыны белгілі болды. Әлемдегі ең көне автомобиль бренді сән-салтанаты жарасқан, кең және «жанармай үнемдеуі» деген сөз тіркесімен мүлде үйлеспейтін премиум санатындағы автоконцерн. Бірақ бренд Escalade IQ арқылы соңғы мәселені шешуге тырыспақ.

Электро көліктің құны қанша?

Электрокроссовердің құны жуырда жарияланды. Cadillac флагмандық жол талғамайтын көлігінің «жасыл» баламасының бағасы – 129 990 доллар немесе төл валютамын 67 миллион теңгеге бағаланды. Өндірушілер бұл тек бастапқы баға деп мәлімдеді. Толық жасақталған нұсқасы қосымша опцияларсыз 150 490 доллар тұрады. Бұл біздің ақшамен 77,5 миллион теңге тұрады. Салыстырар болсақ, АҚШ-та қазір жанармаймен жүретін Escalade 89 950 долларға (46,5 миллион теңге), ал оның максималды құны 121 890 доллар (63 миллион теңге) бағаланады.

Ең қымбаты гибрид

Дегенмен Escalade ассортиментінде отын қозғалтқышымен жабдықталған зарядталатын V сериясындағы көлік бар. Оның құны тіпті электромобильдерден де қымбат – 164 990 доллар (85 миллион теңге) тұрады. Бұл бағаға Қазақстанға жеткізу ақысын қоссаңыз оның құны біраз жерге жетіп қалады. Көліктің зауыты орналасқан АҚШ-тың өзінде бұл гибрид кроссоверді жеткізу құны 2290 доллар (1 млн теңгеден аса).

Авто 800 вольтты электр Ultium платформасында құрастырылған. Оның қуаттылығы 200 киловатт-сағат, екі электр қозғалтқышын қуаттайтын көлемді батарея орнатылған.

Көліктің ең жоғары қуаты 761 ат күшіне (1063 Нм) тең. Тұрақты қуаты 687 ат күші шамасында (834 Нм). Бірақ бұл Velocity Max режимінде аз ғана уақыт жүруге мүмкіндік береді.

Көлік модификациясы

Жалпы авто 2023 жылдың жазында таныстырылған. Алайда Escalade IQ тек 2025 жылы шығарылады. Оның бастапқыда төрт модификацияда ұсынылады. Базалық Luxury 1 – бұл бірінші нұсқасы. Автоның дөңгелектері қара 24 дюймдік дискілермен жабдықталған. Екінші Sport 1 (130 490 доллар немесе 67 миллион теңге). Жарық шамдары жұқа тік төртбұрышты болып келетін, 36 динамиктен тұратын аудио жүйе, массаж жасау мүмкіндігі бар ыңғайлы орындықтар және жаңа қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Luxury 2 және Sport 2 модификациясының бағасы ұқсас – тиісінше 149 990 доллар және 150 490 доллар (шамамен 77,5 миллион теңге). Бұған қоса 7500 долларға Executive Second Row Seating жабдықтарын орнатуға болады. Оның ішінде жолаушыларға жайлылық сыйлайтын жылыту, желдету, 10 нүктелік массаж, сонымен қатар сегіз дюймдік экраны, екі сымсыз зарядтауға арналған стансалар, жиналмалы үстелдер және т.б. мүмкіндіктер қарастырылған.

Еске сала кетсек, 2025 жылы Toyota мен GAC бренді бірлесіп электроседан шығаратыны белгілі болды. Жуырда жапондық автоконцерн темір тұлпардың концепт нұқсасын көрсетті.

Сонымен қатар автосарапшылар 2024 жылдың ең үздік отбасылық кроссовер атаған еді. Оның ішінде дені электромобильдер. Олардың басым бөлігін Қазақстан нарығынан табуға болады.

ҚазАқпарат