фото: pixabay.com
Ұлыбританияда цифрлы өркениет әлдеқашан дамығаны анық. Десе де, бұл елде әлі күнге дейін 5 миллионнан астам адам интернетті пайдалану үшін қажетті қарапайым әрекеттерді орындауға қабілетсіз. Мәселен, кез келген қосымшаны ашу, аккаунтқа кіру, Wi-Fi-ға қосылу немесе файл жүктеу сияқты қарапайым әрекеттер. Ал 2 миллионнан астам зейнеткер ғаламторды мүлдем пайдаланбайды. Бұл Age UK қайырымдылық ұйымының дерегі, деп жазды 24.kz.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, компьютерді қолданудың негіздерін меңгергендердің өздері де күрделірек тапсырмалармен, оның ішінде онлайн-сатып алулар жасау, есептік жазбалардың құпиясөздерін өзгерту немесе интернеттегі деректерін қорғау кезінде жиі қиындықтарға тап болады.
Кэролайн Абрахамс, Age UK қайырымдылық ұйымының директоры Қазір көптеген мемлекеттік және жеке компаниялар өз қызметтерін цифрландыруға қызығушылық танытып жатыр. Бірақ миллиондаған адам, әсіресе зейнеткерлер, цифрлық әлемнің көшіне ілесе алмай келеді. Біздің зерттеуіміз әр үшінші зейнеткер интернетті дұрыс пайдалана алмайтынын көрсетті. Бұл олардың дәрігерге онлайн жазылуға, төлемдерді төлеуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға қабілетсіз екенін білдіреді. ))
Чехияда 55 жастан асқандардың төрттен бірі интернет пайдаланбайды
Бұл Чехиядағы зейнеткерлер арасында да байқалады. 55 жастан асқан азаматтардың шамамен төрттен бірі интернетті мүлдем пайдаланбайды немесе өте сирек кіреді. Бұл деректер антивирустық компания Avast жүргізген сауалнамадан алынған. Көбіне цифрлық технологияларды меңгерудегі негізгі кедергілер ретінде киберқатерлерден қорқу мен дағдылардың жетіспеушілігі аталады.
Еуропа елдерінде зейнеткерге цифрлық сауаттылық бойынша жеке кеңестер беріледі
Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропалық экономикалық комиссия сарапшалыры,, цифрлық технологияларды барлық әлеуметтік топтарға қолжетімді ету үшін, әрқайсына жеке кеңестер берілуі керек дейді. Айталық; Словенияда зейнеткерлерге мобильді интернет мамандары арнайы кеңес береді. Олар төлемдер мен транзакцияларды телефон арқылы және басқа байланыс құралдарымен жүзеге асыруға бағыт-бағдар береді. Ал, Сербияда "Қызыл Крест" гуманитарлық ұйымы зейнеткерлер үшін мемлекеттік электронды қызметтерді пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулық әзірледі. Сондай-ақ, Люксембургте Silver Surfer деген жоба бар. Бұл "зейнеткерлер – зейнеткерлер үшін" деп аталады. Яғни, зейнеткерлерді цифрлық дағдыларға үйретуге олардың құрдастары – интернет қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындықтан өткен тәжірибелі еріктілер жүргізеді.
SpaceX Starlink спутниктің интернетін смартфондарға қосуға рұқсат алды
YOUTUBE.COM/BLOOMBERGORIGINALS Жер бетінде әлі де ғаламтордың не екенінен бейхабар адамдар барына қарамастан, Илон Масктың SpaceX компаниясы смартфондарды Starlink спутниктік интернетіне қосуға ниетті. Бұл жоспарды 2025 жылдың басында жүзеге асырады. Сол уақытқа қарай дауыс қоңыраулары мен мобильді деректерді беру қызметтері іске қосылады. Бұл үшін компания АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясынан лицензия алған.
Спутниктік интернетті мобильді құрылғыларға қосу идеясы екі жыл бұрын талқыланған болатын. Ал биыл күзде сынақ барысында Элен және Милтон урагандары кезінде Starlink америкалықтарға жүздеген мың хабарлама жіберуге мүмкіндік берді. Илон Маск осылайша спутниктік интернет арқылы төтенше жағдай кезінде хабар таратуды қамтамасыз етіп, дәстүрлі ұялы байланыс операторларымен бәсекеге түспек.
АҚШ Федералды байланыс комиссиясы: Біз SpaceX компаниясының спутниктік интернет-қызметтер саласындағы қызметі көп пайда әкеледі деп есептейміз. Яғни 911 нөмірі арқылы байланыс орнатқан кезде жерүсті желісіне қолжетімділік болмайтын аймақтарда төтенше қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге болады.
Қазір интернетке 5,5 миллиард адам қосылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 227 миллионға көп. Дегенмен, екі миллиард 600 миллионнан астам адам ғаламдық желіге мүлдем қосылмаған. Олардың дені табысы төмен, ауылдық жерлерде тұрады. Әсіресе Батыс және Орталық Африка елдерінде жағдай осылай.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через