фото: pixabay.com
Жылан – құпиялар жылы. Шығыс аңыздарында бұл жылы әлемде көптен бері жасырын құпиялар ашылады деп сенген. Бұл саяси өзгерістер, ғылыми жаңалықтар немесе мәдени төңкерістер болуы мүмкін. 1989 жылы Берлин қабырғасы құлады, деп хабарлайды almaty.tv.
"Жылан және құпиялар жылы" теориясы.
Жылан жылдары Қазақстан тарихында да маңызды оқиғалар орын алған. Құпиялар теориясын ескере отырып, бірнеше тарихи дерекке тоқталайық:
- 1941 жыл – Ұлы Отан соғысы және халықтың тағдыры.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстанға мыңдаған адамдар эвакуацияланды. Қазақстандықтар келер жылы 80 жылдығын атап өтетін Кеңес Одағының жеңісі үшін маңызды үлес қосты. Оқиғалар тарихи жасырын құпияларды анықтады.
- 1989 жыл – Желтоқсанның жаңғырығы мен экологиялық қозғалыстар
1989 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы туралы шешім қабылданды.
Бұл – Қазақстандағы ұзақ жылдар бойы жасырын болып келген экологиялық апаттардың құпиясы ашылған – кезең.
Қазақстанда алғаш рет азаматтық қозғалыстар мен тәуелсіздікке ұмтылыстың күшейгені байқалды. Желтоқсан көтерілісінің саяси әсері мен жасырын тұстары осы жылдары ашыла бастады.
- 2001 жыл – Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары
2001 жыл Қазақстанда қарқынды экономикалық даму басталды. Бұл жылы мұнай-газ секторының табыстары арта түсті. Алайда елдің қаржылық-саяси жүйесіндегі кейбір жасырын процестер мен ықпал ету аймақтары кейінірек ғана белгілі болды.
- 2013 жыл – Инновациялар мен мәдени қозғалыстар
2013 жыл Қазақстан "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алған жастар елге келіп, жаңа идеялар мен өзгерістер енгізе бастады.
- Ал 2025 жылы да елде жаңа реформалар енгізілуі мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через