фото: pixabay.com
АҚШ-тағы сайлау күні акциялар, биткоин бағасы көтерілді. Сайлау биржа индекстеріне оң әсер етті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі ең танымал криптовалюта бағамы биткоинның да бәсі жоғарылады. Тіпті 74 мың долларға бағаланып, тарихи рекорд орнатты. Сөйтіп, электрон ақша 1 күнде 9%-ке қымбаттады. Оған не себеп? Бұл – Трамптың әрекеттеріне тікелей байланысты.
Биыл АҚШ-тағы сайлауда алғаш рет криптовалюта үлкен рөлге ие болды. «АҚШ-ты криптоастанаға айналдырамын», деп уәде берген Трамп көптеген инвесторлардан қолдау тауып, ақыры жеңіске жетті. Бұлай деуге негіз бар. Өйткені 2021 жылы Fox News-ке берген сұхбатында Трамп биткоинды «нағыз алаяқтық» деп атаған болатын. Ол виртуалды валютаны АҚШ-тың қаржы жүйесіне араласпау үшін реттеу керек және «әлемдік валюта доллар болуы керек», деді.
Ал, биылғы сайлау науқаны жақындаған кезде Трамптың криптовалютаға қатысты ұстанымы өзгерді. Илон Маск сынды ықпалды кәсіпкерлердің де қолдауы содан. Мәселен, электромобиль өндіруші Тесланың акциялары 8%-ке күрт өсіп, 258,70 долларға жетті.
Патрик Герхарт, Telcoin цифрлық операциялар банкі президенті: - Жыл сайын цифрлық активтерді қолданатын адам саны артып келеді. Кез келген саясаткер үшін сайлаушылардың қажеттіліктерін түсіну және оны қалт жібермеу өте маңызды.
Gemini крипто биржасының зерттеуіне сәйкес, 73% саяси кандидаттың криптовалюта саласына қатысты ұстанымы олардың дауыс жинауына тікелей әсер етеді. Мәселен, бір штаттағы дауыс беруші америкалықтардың 21%-і криптовалюта үшін Трампты қолдайтын болса, әр штаттан 18-ден 50 млн дауыс берушінің дауысы Трампқа тиесілі деген сөз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через