фото: https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww.gov.kz
Бүгінгі таңда Сіз барлық жағдайларға арналған биологиялық белсенді қоспаларды таба аласыз. Биологиялық белсенді қоспалар дәрігердің нұсқауы бойынша және белгіленген дозада қолданылуы керек. Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың қаптамасы және таңбалануы Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңының, «Орамаға, таңбалауға және оларды дұрыс қолдануға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1. Тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қаптамасы таңбалауға ыңғайлы, зақымдануды болдырмау, (ластануды азайту) қорғанысты қамтамасыз етуі керек.
2. Буып-түю материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс.
3. Тағамға биологиялық белсенді қоспалардыдың тұтыну қаптамасының әрбір бірлігіне қоса берілетін тұтыну қаптамасында, этикеткаларында, нұсқаулықтарында немесе пайдалану жөніндегі ұсынымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттар болуы тиіс, оның ішінде:
1) өнімнің атауы, шығару нысаны;
2) олардың нақты санын (грамм, миллиграмм, миллилитр, пайыз) көрсете отырып, ингредиент құрамы туралы олардың салмақтық немесе пайыздық қатынастағы азаюына сәйкес ретпен мәліметтер;
3) егер қажеттілік болса, биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттері, олардың тағайындалуы, пайдалану жөніндегі ұсынымдар, тәуліктік физиологиялық қажеттіліктің пайызды қкөрсеткіштері туралы мәліметтер;
4) биологиялық белсенді қоспалардың талаптарына сәйкес келетін нормативтік құжат;
5) дайындаушының, буып-түюшiнiң және буып-түюшiнiң атауы (фирманың атауы), орналасқан жерi (заңды мекен жайы) (егер дайындаушы бiр мезгiлде буып-түюшi немесе ораушы болмаса);
6) орау бірлігінің номиналды саны (салмағы немесе көлемі), дозалар саны және олардың номиналды саны (салмағы немесе көлемі);
7) партияның нөмірі, жасалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
8) «Дәрі емес» деген жазу;
9) нөмірі мен күні көрсетілген тағамды ққоспаларды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
10) аурудың жекелеген түрлерінде қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер.
4. Биологиялық белсенді қоспаларды тағамдық қоспаларды өндіру кезінде пайдаланғанда қосымша ақпарат: «Е» индексі тағамдық қоспаны пайдалануға рұқсат етілген ақпарат зат таңбада көрсетіледі.
Санитарлық дәрігерлер жоғарыда аталған талаптардың тізімін айтып ғана қоймай, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қаптамасына және таңбалалануына қойылатын талаптарды мұқият оқуға шақырады, өйткені ол ұлтымыздың денсаулығына әсер етеді.
Алматы қаласы Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Жансеркеева Нұржанат Токтасынқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через