фото: Халық газеті/kaz.inform.kz
Қытайдың Шыңжаң өлкесі Байынғолын облысындағы шөлдің кіндігінде бақташылар 11 қараша күні 10 мың түйені үйірден бөлу жұмысына кірісті, деп хабарлайды «Халық газеті» басылымы.
Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, аталған өңірде 200-ден астам түйеге жергілікті малшылар спутниктік орнын көрсету чиптерін тағып, түйелерді әртүрлі топқа бөліп, сигналдар арқылы нақты уақытында олардың жайылып жүрген орнын дәл біліп отырады.
Фото: Халық газеті
Сонымен қатар дрон технологиясы да кеңінен қолданылып, көптеген малшы дрон арқылы мал жаюға көшкен.
Жергілікті бақташының айтуынша, олар ойсыл қара тұқымын бағуды оңтайландыру үшін үйірді бастайтын түйелерге жүрген орнын көрсету чиптерін тағып, оларды ұялы телефондарына желілік сигналдар арқылы қабылдай алады. Сол арқылы малшылар үйінде жатып-ақ түйелердің қайда жайылып жүргенін біле алады.
Бұл заманауи тәсіл мал бағудың тиімділігін айтарлықтай жақсартқан.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через