фото: pixabay.com
Шетелден жеткізіліп жатқан Shine muscat жүзімі зетханада тағы бір тексеріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазды kaz.inform.kz.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен жиыннан кейін тілшілер министрге: «Елімізге шетелден жеткізіліп жатқан Shine muscat жүзімінің құрамындағы нитраттар тесерілді ме?» - деген сұрақ қойды.
«Өнім елімізге тасымалданған кезде біз сертификаттарға қараймыз және олардың талаптарға сәйкестігін тексереміз. Біздің мамандар міндетті түрде сынамаларды алып, зертханаға тапсыратынын білесіз. Егер осы өнімге қатысты мәселе көтеріп отырсаңыздар, оны қайтадан тексеріп көрейік. Тиісті өтінішті жолдаңыздар», - деді А. Сапаров.
Оның айтуынша, қазір елімізде шетелден келетін өнімдерді тыңғылықты тексеру үшін зертханаларға жаңа құрал-жабдықтар орнатылады.
«Бұл жүзімнің дәмін татып көрмеппін. Бірақ оны алып, тағы тексеріп көрейік, бүгін осы жүзімге қатысты сынамалар алуға тапсырма беремін. Менің ойымша, шекарадан осы жүзім өтіп жатса, құжаттары болса, зертханада тексерілсе, зиянды деп санамаймын. Егер заңсыз жолмен жеткізілсе, ол - басқа мәселе. Сондықтан тағы бір сараптама жасап, нәтижесін жариялаймыз», - деді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через