Қытай мен Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келу көрсеткіші өсті: кімдер келіп жатыр?

Қытай мен Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келу көрсеткіші өсті: кімдер келіп жатыр?
фото: https://pixabay.com/ru/

       Бірінші несие бюросы Қытай мен Моңғолиядан көшіп келгендер туралы деректерді талдады.

       Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанға Қытайдан 1 451 адам және Моңғолиядан 1088 адам тұрақты тұруға келген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 177 және 172 пайызға өсті және соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштер: Қытайдан - 2017 жылдан бастап, Моңғолиядан - 2011 жылдан бастап. Осы уақыт ішінде қазіргі көрсеткіштерге ұқсас ештеңе байқалмады. Бұл ретте Қазақстаннан Моңғолия мен Қытайға көп адам көшпейді.

       Бірінші несие бюросы мәліметінше, мигранттардың басым көпшілігі (98 пайызы Қытайдан, 99 пайызы Моңғолиядан) этникалық қазақтар. Қытайдан келген иммигранттардың жартысы тұру үшін Алматы немесе Астананы таңдаса, тағы 20 пайызы Алматы облысына қоныстанған. Ақмола облысы Моңғолиядан келген иммигранттар арасында танымал орынға айналған.

       https://kaz.tengrinews.kz/