Қазақстанға үшін арнайы тепловоз шығарылды

Қазақстанға үшін арнайы тепловоз шығарылды
фото: tv.cctv.com/kaz.inform.kz

Қытайдың Циндао қаласында Қазақстан үшін арнайы шығарылған Қытайдың бірінші магистральдық жүк тепловозы (ТЭ36А үлгісі) Қазақстанға жеткізілуге дайын. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасы хабарлады.

Тепловоздың максималды жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды, ол күшті қуаттылық, жел мен құмға, аязға төзімділік, экологиялық стандарттарға сәйкес және жұмыс көрсеткіштері халықаралық озық деңгейге жетті.

Сондай-ақ қытайлық өндіруші локомотив кабинасының дизайнын арнайы оңтайландырды және пайдалану схемасы пайдаланушының жүргізу әдеттеріне сәйкес келеді.

Тепловоз Қазақстандағы Достық стансасына желтоқсан айының ортасына дейін жетеді деп күтілуде. Қазақстан тарабы бұл тепловозды қабылдау сынақтарын өткізеді.

Биылғы ақпан айында ҚТЖ Қытайдың CRRC Dalian компаниясымен 100 магистральдық жүк тепловозын сатып алу келісімшартына қол қойған.

Бұл Қытай мен Қазақстан арасында теміржол транзиті саласындағы ең ірі сатып алу келісімі болып саналады. Барлық 100 тепловозынды 2026 жылы жеткізіледі деп жоспарлануда.