Қазақстанда жүргізуші куәліктері цифрландырылады

Қазақстанда жүргізуші куәліктері цифрландырылады
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазақстанның ішкі істер министрлігі жүргізушілерді даярлау саласында қатаң тәртіп орнатуды көздеп отыр

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Біріншіден, жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту алынып тасталды. Екіншіден, автомектептер мен курсанттарды тіркеу ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады және бұл курстарды бітіргені туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды бұрмалау мүмкіндігін жояды.

Жүргізуші курсын бітіргені туралы сертификат толығымен электронды форматқа ауыстырылады.

"Оқу курсын аяқтағаны туралы сертификатты электронды форматқа толығымен көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өз кезегінде бұрмалауды немесе оларды оқымай алуды болдырмайды. Сондай-ақ жалған медициналық деректерді жою мақсатында денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электронды форматқа көшірді", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі автомектептерге жүргізушілерді даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат берудің лицензиялау тәртібіне қайта оралуды жоспарлап отыр.

ҚазАқпарат