фото: pixabay.com
Күн сайын жүздеген мың қазақстандық такси қызметіне жүгінеді. Кейбір адамдар үшін бұл қымбат, ал енді біріне қалыпты қызмет түрі. Kazinform агенттігі аймақтардағы бағаны салыстырып көрді.
Қазақстан аймақтарында такси қызметін ұсынатын тасымалдаушылар әртүрлі, сәйкесінше баға да өзгеріп отырады. Олардың мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Ең танымалы әрі сұранысы жоғарысы - Яндекс Go. Компанияның ресми сайтына сүйеніп такси қызметінің құнын саралап көрдік. Бір шақырымның ең төменгі тарифі назарға алынды. Яғни сұраныс жоғары болатын қым-қуыт шақ, жаңбыр мен түрлі жағдайлардан өзге кездегі баға сараланды.
Тарифі ең төмен қала ол Тараз шаһары.
Мұнда әр шақырымына 220 теңге сұрайды. Ал қара сыртына шығу қажет болса әр шақырымына тағы 120 теңге қосу керек болады.
Екінші орында Қызылорда мен Түркістан қалалары тұр.
Мұнда әр шақырымы шамамен 230 теңгеден басталады. Ал қала сыртына қатынау үшін біріншісіне тағы 160 теңге, екіншісіне 130 теңге қосып төлеуге тура келеді.
Фото: Kazinform
Тізімдегі келесі қалалар - Қостанай мен Ақтөбе.
Мұнда эконом-класс қызметі шақырымына 270 теңге деп көрсетілген. Қала маңына қатынау үшін Қостанайда 150 теңге, Ақтөбеде 170 теңге қоса төлеу қажет. Келесі қалаларда баға алдыңғыға қарағанда 10 теңгеге жоғары. Олар Талдықорған, Ақтау және Петропавл қалалары. Мұнда бір шақырым құны 280 теңгеден басталады. Егер бұл қалалардың тұрғындары мен қонақтары қала маңына барғысы келсе 150, 180 және 190 теңге қосымша төлеуі тиіс.
Сонымен бірге Шымкент және Павлодар қалаларында такси қызметінің құны шақырымына 290 теңгеден басталады. Оның бірі миллион тұрғыны бар қала, ал екіншісі халық саны одан төрт есе аз шаһар. Павлодарда қала сыртына бару үшін 170, ал Шымкентте шақырымына 120 теңге көрсетіп тұр. Орал мен Семей қалаларында такси қызметінің тарифі 300 теңгеден басталады. Ал қала сыртына қатынау құны 180 теңгеден жоғары. Одан әрі Атырау мен Қарағанды қалалары тұр. Мұнда бір шақырым үшін қызмет тарифі 320 теңге. Бір қызығы Атырауда қала сыртына тасымалдау құны еліміз бойынша ең арзаны. Мұнда шақырымына 100 теңге қосылады. Ал Қарағандыда орта есеппен 150 теңге төлейді.
Әрі қарай Жезқазған қаласы тұр. Мұна әр шақырымына 330 теңге есептеледі. Ал қала сыртына тасымалдау құны 140 теңге деп көрсетілген. Соңынан бастағанда үшінші тұрғаны - Көкшетау қаласы. Мұнда тариф 350 теңгеден басталады. Ал қала сыртына бара қалсаңыз әр шақырымына қосымша 130 теңге есептеледі.
Өскеменде баға өзге өңірлерге қарағанда жоғары. Мұнда такси қызметінің құны шақырымына 370 теңгеден басталады. Ал қала сыртына тасымалдау құны 220 теңгеден басталып, жоғарылай береді.
Ал бірінші орында Астана мен Алматы қалалары тұр.
Мұнда такси қызметіне сұраныс жоғары әрі баға 400 теңгеден басталады. Солтүстік және оңтүстік астанамыздағы қала сыртына жету құны 130 теңгеден жоғары.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық қаласында «Эконом» тариф бар. Сонымен бірге кейбір қалаларды премиум, жеткізу, курьер және бірге бару қызметтері түгелі «Комфорт» қызметінің өзін қарастырылмаған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через