Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
фото: https://pixabay.com/ru/

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 3 қарашаға қараған түні болған.

"Шұбаркөл Көмір" АҚ-сына қарасы кірме жолдда үш жүк вагоны рельстеп шығып кетті. Пойызды жеке меншік компанияның локомотив бригадасы басқарған. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - дейді компания мамандары.

Айта кетері, бұған дейін Шилібастау станциясында №4 "Астана – Алматы-2" жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. Ал Ақтөбе облысында жүк пойызы аударылды.
 

ҚазАқпарат