Елімізде пойыздар неге жиі кешігеді?

Елімізде пойыздар неге жиі кешігеді?
фото: https://pixabay.com/ru/

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев неге пойыздар жиі кешігетінін түсіндірді.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов "Нұрлан Ермекұлы, соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейді. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?" деп сұрақ қойды.

Біздің компанияда бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстары және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын 2 есе көбейттік. Енді жолаушыларды жағдайға түсінікпен әрі кешіріммен қарауды сұраймыз, - деді Сауранбаев.

https://baq.kz/