Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
фото: ©Қазақстанның Ұлттық банкі

Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында қабылданады

Ұлттық банк 25 қарашадан бастап ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасын, 28 қарашада FATIMA QOLY монатасын айналымға шығарады.

Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің https://kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI коллекциялық монетасы

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI коллекциялық монетасы

©Қазақстанның Ұлттық банкі

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

FATIMA QOLY коллекциялық монетасы

FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – "Сиқырлы нышандар" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.

FATIMA QOLY коллекциялық монетасы

© Қазақстанның Ұлттық банкі

Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

ҚазАқпарат