Ауа райына байланысты Алматыда патруль саны артты

Ауа райына байланысты Алматыда патруль саны артты
фото: Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі

Қыста көлік жүргізу жылдың басқа маусымымен салыстырғанда  айтарлықтай ерекшеленеді. Ауа-райының қолайсыздығы және жауын-шашынның жиі түсуі  көлікпен жүруді қиындата түседі,  деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Сондықтан Алматы полициясы қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алды. Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдердің саны көбейтілді. Жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция экмпаждарының тығыздығы арттырылды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.    

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде.  Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару Орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-і зардап шеккендермен», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.   

 Тимур Ноғайбаев қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайтынын жеткізді. 

Алматы қалалық ПД жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.   

Алматы полициясы көліктердің дөңгелектерін уақытылы ауыстыру талабын еске салды.