Алматыда жаппай төбелес болды

Алматыда жаппай төбелес болды
фото: pixabay.com

Алматы қаласының Жетісу ауданында бір топ адам арасында жанжал шықты. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

— Бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылар анықталды және ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.