фото: pixabay.com
Алматы әуежайының халықаралық рейстерге арналған жаңа терминалы мен ішкі рейстерге арналған ескі терминалы арасында жаңа көпір ашылды, деп жазды kaz.inform.kz.
Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді. Ескі не жаңа терминалдан екіншісіне бару үшін ғимараттың сыртына шығып, жаяу жүру қажет болатын.
— Алматы әуежайында терминалдар арасында жаңа көпірдің құрылысы аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Енді халықаралық және ішкі терминалдар арасында көшеге шықпай-ақ оңай және жылдам өтуге болады, — деп хабарлады әуежай әлеуметтік желіде.
Еске салайық, биыл 1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді абылдады.
Ал Алматы әуежайының президенті Гокер Косе әуежайға тағы 100 млн доллар инвестиция салынатынын айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через