1 желтоқсаннан бастап елімізге көлік әкелу тәртібі өзгереді

1 желтоқсаннан бастап елімізге көлік әкелу тәртібі өзгереді
фото: pixabay.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға сырттан көлік әкелу ережесі өзгеруі мүмкін. 

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жаңа көліктерге яғни зауыттан шыққанына 3 жыл болмаған автомобильдерге қатысты болмақ. Тақырыпты осы саланы зерттеп жүрген Қазақстан ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы түсіндіріп береді. 

Енді сырттан жаңа көлік әкелу қиындайды. Жаңа ережеге сәйкес өзге елден көліктің типін мақұлдау құжатында аты көрсетілген адам ғана әкеле алады. Әйтпесе кеденнен өткізбейді. Ал, мұндай құжатты тек заңды тұлғалар ғана ала алады. Яғни кез келген адам өзіне ұнаған көлікті өзге елден сатып алу құқығынан айырылғалы отыр. Ал, автосалоннан жаңа шыққан, көлемі кішкентай көлікті әкеп, рәсімдеу арзан еді, дейді Оңғар Алпысбайұлы.

 Көлікті сатып алған бағасы, жол шығыны мен жоғарыда айтқан міндетті төлемдердің барлығын қосқанда біздегі көліктерден арзан шығатын еді. Қолма қол ақшасы барлар солай шетелден көлік те тасып жүргенін білеміз. Енді бұған да тосқауыл қойылуы мүмкін.

Сырттан көлік әкелгіңіз келсе оған құқығы бар адамға тапсырыс бересіз. Оның қызметі мен қолақысын қосқанда баға тағы өсіп кетеді. Сондықтан қазақстандық өндірушілерге бұл тиімді шешім деп отыр сарапшылар, дейді дейді Оңғар Алпысбайұлы. 

Бүгін Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер қаржы министрі Мәди Тәкиевтен осы мәселені сұраған еді. Ол мәселенің әлі де қарастырылатынын, нақты шешім 1 аптаның ішінде шығатынын, жеткізді. Яғни, 1 желтоқсанда өзгеріс болмауы да мүмкін.