Теміртауда трамвай іске қосылды

Теміртауда трамвай іске қосылды
фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртауда қала күнінде көше бойымен жаңа әдемі трамвай жүріп өтті. Ол сынақ режимінде іске қосылды. Алдағы уақытта тағы бірнеше жол және электр инфрақұрылымы сынақтан өтеді. Жыл соңына дейін тұрақты қозғалыс болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. 

Теміртауда трамвайлар 2023 жылдың ақпан айында жүруін тоқтатты. Экологиялық көліктің жұмысын қалпына келтіру металлургия комбинатының жаңа иесі – Qarmet компаниясының басым әлеуметтік бастамаларының біріне айналды. Осы жылдың көктемінде теміржол желісін ауыстыру басталды. Бүгінгі таңда 15,3 шақырымға жаңа рельстер төселді. Жұмыс жалғасады.

теміртау

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қала бойынша 8 жаңа заманауи вагон жүре бастайды. Олардың әрқайсысы үшін жеке дизайн жасалған. Суреттердің тақырыбы – цех және комбинат өндірісі, вагондардың бірі Теміртау қаласына арналады.

Теміртау

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Трамвайлардың сырты ғана әдемі емес, сонымен қатар іші де жайлы. Көлік кондиционерлермен, қауіпсіздік және жылыту жүйелерімен, LED-жарықтандырумен жабдықталған. Төмен еден және жиналмалы пандустар ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға ыңғайлы әрі сапар шегуді қол жетімді етеді.

Теміратау

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Qarmet Теміртау жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп трамвай жүргізушілерін оқыту бағдарламасына қабылдап, жұмысқа орналасуға кепілдік беретіні туралы жариялады. 12 адамнан құрылған алғпшқы топты қазан айында құрылып, компания қаражаты есебінен ашылмақ.

Теміртау

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі