фото: Татьяна Корякина/Kazinform
Ерекше жоба қаладағы «Мирас» университетінің қолдауымен жүзеге асқан. Қала орталығындағы дәретханаға кіру үшін QR код арқылы төлем жасау керек.
kaz.inform.kz хабарлағанындай, қоғамдық дәретхананың терезесі адам кірген кезде автоматты түрде күңгірттенеді, ал кері шыққанда қайтадан мөлдір түске енеді. Іші де евро стандартқа сәйкестендірілген. Ауа тазартқыш үнемі қосулы тұр. Жазда салқындатқыш, қыста жылы еден жұмыс істейді. Ішке су үнемдейтін құрылғылар қойылған. Тіпті суларда сенсор арқылы автоматты түрде ағады. Қауіпсіздік жағы да назардан тыс қалмаған.
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform
— Бұл дәретхана — «Мирас» университетінің қаражаты есебінен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба. Мақсат — қалаға жаңа инновациялық жобаларды енгізу. Сырттағы адам шынының түсінен ішінде адам бар немесе жоқ екенін бірден ажырата алады. Бұл тазалық жұмыстарын жүргізуге де қолайлы», — дейді университет ректоры Нұркен Халықберген.
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform
Әзірге, SMART әжетханалар қалада екі жерге орнатылды. Ал, алдағы уақытта 40 жерге қойылмақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через