Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Шымкентте алып сәби дүниеге келді
фото: pixabay.com

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды.

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3-қазан күні Шымкент қалалық № 2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен, деп жазды kaz.inform.kz.

 Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні сағат 13:50–де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді. Нәрестені туыстары Тауекел деп атады. Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. 

Алып сәби

Фото: Шымкент қаласы ДСБ

Мамандардың сөзінше қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ. 

«Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы»-, дейді аурухана дәрігерлері.