фото: pexels.com
Жыл басынан бері суицид жасаған және соған әрекеттенген 14 жеткіншек мас күйде болған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген бір жасөспірім есірткілік масаң күйде болған.
Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығында, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерге тиесілі.
«Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Айта кетейік, жыл басынан бері суицидтік белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралғанын ескерткен еді. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ, онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через