фото: pixabay.com
Елімізде SIM-карта сатуға шектеу қойылмақ. Абоненттік нөмірді енді eGov порталы арқылы ғана алуға болады. Әрі бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков Мәжіліс отырысында айтты, деп жазды qazaqstan.tv.
Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл интернет алаяқтық қылмыстардың алдын-алу үшін қабылданған шара. Себебі, қазақстандық нөмір арқылы әккі айлаларын іске асырып жүргендер көбейді.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елде қолға түскен 3 қылмыстық топтан бүгінде 3500-ден астам SIM-карта тәркіленген.
Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:
Егер азаматтар бірнеше SIM-карта пайдаланатын болса, әр нөмір үшін есеп беруі керек. Біз алдағы уақытта осындай ұсыныспен шығамыз. Депутаттар қолдау көрсетеді деген ойдамын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через