фото: pexels.com
Балаларды гаджеттердің құрсауында қалдыруға болмайды. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналған, деп жазды qazaqstan.tv.
Расында да, бұл алаңдайтын мәселе. Дәрігерлер де дабыл қағуда. Себебі соңғы жылдары жасөспірімдер арасында көз ауруы 65 пайызға көбейген.
Сабақ басталғалы оқушылардың бір көзі кітапта, енді бір көзі ұялы телефонда, - дейді ақтаулық мұғалім Қамар Ауданбаева. Айтуынша, балалардың смартфонға алаңдауы оқуға деген ынтасын төмендетеді. Әрі оқу процесіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан ұстаз өз сабағында бірде-бір оқушыға телефон ұстатпайтынын айтады.
Қамар Ауданбаева, №24 мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Біздің алдымызда отырған балалардың көбінің тақтаны көру қабілеті төмен. Балалар қоңырау соғылған сәттен бастап тек ұялы телефонға тәуелді екенін біз көріп жүрміз.
Қазір оқушылар қарапайым, арзан телефондарды ұстауға ұялады. Себебі өзге сыныптастары қымбат смартфон қолданады, - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлиза Дәменова. Ол мектеп қабырғасында оқушыларға смартфон ұстатпау мәселесін көтеріп жүр.
Фото pexels.com.
Гүлиза Дәменова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Оқуымыз құлдырап кетті, сол үшін мен жаза ретінде бір жыл бойы жәй телефон ұстаттым. Жай телефонды үйде тастап кетеді. Ұялады айналасынан.
Ал еуропада мектепте гаджет пайдалануға тиым салған. Мысалы, Ұлыбританияда ата аналар 13 жасқа дейін балаларға телефон ұстатпайды. Жуырда 12 жасқа қараған жасөспірімдердің 97 пайызының ұялы телефон ұстайтындығы анықталған. Бұған алаңдаған қоғам белсенділері дабыл қағып, «Смартфонсыз балалық шақ» атты қоғамдық ұйым құрып, ата-аналарды балаларына гаджеттер сатып алып бермеуге үгіттеді. Нәтижесінде ұйымның кеңесіне мыңдаған отбасы құлақ асты. Басында телефонсыз қиналған балалар кейін бейімделіп кеткен. Бұл бастаманы АҚШ, Канада және басқа да мемлекеттер қолдап жатыр.
Элла Браун, оқушы:
Мен көбірек кітап оқитын болдым және тәттілер пісіремін. Маған бұл өте ұнайды.
Джэсс Смит, оқушы:
Маған қымбат телефон қазір таңсық емес. Бос уақытымның көбейгеніне қуанамын.
Қазақстандық дәрігерлер соңғы жылдары балалар арасында көз ауруы 65 пайызға көбейгенін айтады. Бұл көрсеткіш әсіресе коронавирустан кейін еселене түскен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через