фото: https://pixabay.com/ru/
24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды
Қазақстандық "SCAT" әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Қазан айынан бастап "SCAT" әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейсін іске қосады.
"24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, ал Алматыдан алғашқы рейс 29 қазанға жоспарланған", - деп жазды ведомство.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через