Қазақстанда көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын

Қазақстанда көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын
фото: © Photo : allurgroup.kz

9 айдың ішінде Қазақстанда 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды

Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталып қалғанын мәлімдеді.

Бүгін үкіметте машина жасау саласын дамыту мәселесі қаралды. Министр Шарлапаевтың айтуынша, жақын арада көлік шығаратын бір зауыт іске қосылады.

"Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылады",-деді Шарлапаев.

Қазіргі кезде 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 150 млн долларға Geely, Exeed мен КAIYI жеңіл автомобильдерінің өндірісі пысықталуда.

"Сонымен қатар секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтілуде", - деп атап көрсетті министр.

Ресми мәліметке сәйкес, 9 айдың ішінде Қазақстанда 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды.

 ҚазАқпарат