Неге Қазақстанға жаңа ұлттық сапа стратегиясын қабылдау қажет? Азат Әбдірахманов

Неге Қазақстанға жаңа ұлттық сапа стратегиясын қабылдау қажет? Азат Әбдірахманов
фото: pixabay.com

Бүгінгі таңда әлемнің озық ойлы ғалымдары ғылым жетістіктерін, заманауи инновациялық әдістемелер мен сапа менеджменті құралдарын қолдана отырып өнеркәсіптің дамуына үлес қосу арқылы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға тырысып жатыр, деп хабарлады «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі. 

Жақында ғана Жапонияның Йокогама қаласындағы XXII Азия сапа Конгресі (ANQ Congress 2024) өтті. Аталған жиынға Вьетнам, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония  секілді 20 елдің ұлттық сапа ұйымдарының басшылары бас қосты.

Фото Standard.kz 

 Бұл беделді басқосуға біздің еліміздің атынан Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманұлы қатысты.

Азат Әбдірахманұлы сапардан кейін көргенін, көңілге түйгенін саралай отырып, дамыған елдердің экономикасы, Қазақстанның эскпорттық әлеуеті туралы, сонымен қатар , үкімет жаңа ұлттық сапа стратегиясын қабылдау қажет екені жайлы жеке пікірімен бөліскен еді.