фото: pixabay.com
Семейде жаңа туған шақалағанын қоқыс жәшігіне тастап өртеп жіберген безбүйрек ана іздестіріліп жатыр. Бейкүнә баланы куәгерлер тауып алып ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қала алмады, деп хабарлады ktk.kz сайты.
Қылмыс өткен тәулікте болды. Белгісіз әйел көпқабатты үйлердің ауласында тұрған қоқыс жәшігіне нәрестесін тастап, сосын өртеп жіберген. Мұны көрген тұрғындар абдырап қалған екен. Денесінің 80 пайызын күйік шалған шақалақ шетінеп кетті. Дәрігерлер қыз баланың шамамен екі-үш күн бұрын жарық дүние есігін ашқанын айтады.
Енді полиция жүктілігі бойынша тіркеуде тұрғандар мен жаңа босанған аналарды жаппай тексеріп жатыр. Алайда өз баласынан жерінген әйел табылмай жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Анастасия Григорьева: — Әйелдің қоқыс жәшігіне бір нәрсе салып, от жаққанын бір ер адам айтты. Артынша олар жүгіріп барған. Оның ішінде бала болғанын ешкім білмеді. Өртті сөндіріп, жәшікті төңкергенде ішінен бала шықты. Жедел жәрдем, бәрі келді. Өкінішті, баланың шетінеп кеткені.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через