фото: pexels.com
Балаға әдемі, сәнді, пайдалы, ойын дамытатын ойыншықтар сатып алғанда, ата-аналар бірінші кезекте ойыншықтың қауіпсіз болуы керектігін ұмытпауы тиіс, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы.
Ойыншықтардың қауіпсіздігі қандай факторларға байланысты? Бұл сұрақты Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы техникалық регламеттің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Анысбекова Әсел Жалғасбекқызына қойған едік.
Ойыншық – балаларымыздың сыртқы ортамен танысып, дүниетанымын қалыптастырады.
Дүкен сөрелерінде түрлі-түсті ойыншықтыардың сан-алуан түрлерін кездестіреміз. Алдымен ойыншықтарда өткір, бөгде иіс болмауына назар аударамыз. Түс тұрақтылығына мән беруіміз керек яғни, қағазбен сүрткенде немесе қолмен ұстағанда бояу жұқпау керек. Ойыншықтарды таңдағанда қолмен ұстап көру керек. Ұсақ бөлшектері ойыншыққа жақсылап бекітілген болуы керек. Ойыншықтардан шығатын дыбыстарға да көңіл бөлгеніміз дұрыс. Қатты дыбыстар баланың есту қабілетіне зиян тигізуі мүмкін. Ойыншықтардың дыбысы 85 децибелден аспауы керек. Біз, санитарлық дәрігерлер ойыншық таңдағанда таңбалауды мұқият оқып шығуға кеңес береміз, - дейді Әсел Жалғасбекқызы.
Фото pexels.com.
КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес таңбалау келесі ақпаратты қамтуы керек:
- ойыншықтың атауы;
- ойыншық жасалған елдің атауы;
- дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы және орналасқан жері,
олармен байланысу үшін ақпарат;
- дайындаушының тауар белгісі (бар болса);
- баланың жасын білдіретін ойыншық немесе пиктограмма арналған баланың ең төменгі жасы;
- негізгі құрылымдық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін);
- ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда);
- шығарылған күні (айы, жылы);
- қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар орнатылған кезде);
- сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).
Фото pexels.com.
Сондай-ақ, материалды, жабынды, бояудың беріктігін (қолдардағы қалдық бояу) тексеруді, мүмкіндігінше иістің болуын тексеруді ұмытпаңыз.
Бір сөзбен айтқанда, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ойыншықты таңдай білейік. Балалар біздің болашағымыз! Дұрыс таңдалған ойыншық бала денсаулығының кепілі болып табылады. Балаларымыздың болашағы үшін қауіпсіз және сапалы өнімдерді таңдай білейік!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через