фото: www.mediccity.ru
Медициналық көмектің сапасы - ана мен баланың денсаулығын жақсарту қызметінің бар түрінің өте маңызды бөлігі.
Осы қағидаларды қолға ала отырып, КМПА Қазақстандық ұрпақ өрбіту және жыныстық денсаулық сақтау ассоциациясы ТенгизШевройлмен бірігіп, "Салауатты ана болу: үйрете отырып қауіптерді азайтамыз" жоба аясында, "Антенатады күтім" әдістемелікті шығарды.
Антенаталды күтім -- бұл жүкті әйелдерге, жасөспірім қыздарға берілетін мамандандырылған көмек, жүкті кезде және болашақ баланың денсаулығын сақтау үшін ең жақсы жағдай жасалады.
"Антенаталды күтімнің жетекші қағидалары" әдістемелік нұсқаулығы, бір топ қазақстандық авторлар тобымен дайындалған, олардың ішінде- Гребенникова Г.А-КМПА атқарушы директоры, PhD, ЮНФПА Қазақстандағы елдегі офисының ұлттық эксперті; Копобаева И.Л Қарағанды қаласының, Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығының жетекшісі, денсаулық сақтау магистірі, НАО ҚМУ профессор, акушерлік дәне гинекология кафедрасының ассистенті Абуова Г.О медиуина ғылымының докторы, профессор.
Бұл құжатт ДДСҰ нұсқаулары негізінде жасалған, жүкті әйелдерге берілетін күтімнің ең сапалы клиникалық тәжрибие түрлерін тарату мақсатында.
Әдістемелік нұсқалықта, антенаталды күтім құрамалары көрсетілген, олар: қауіп факторларын анықтау, жүктілік кезіндегі қолайсыз жағдайлардың алдын-алу және емдеу, қосалқы ауруларды емдеу, санитарлық ағарту болып табылады.
Құжаттың ішінде патологияға жатпайтын жағдайлар көрсетілген, скрининг бағдарламалары, емхана-зерттеу шаралар, жүкті кездегі көңіл күй, физикалық өзгерістер, психикалық денсаулық және жүкті кездегі қарым қатынас өзгеруі көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулықта акушер-гинекологтар мен акушеркалар үшін жұмыс барысында қолданатын әр түрлі мағлұмат, іс әрекет, ресурстар бар. Өзіндік жұмыс үшін және алған білімді нақтылау үшін тапсырмалар бар. КМПА атқарушы директоры Г. А. Гребенниковнаның айтуы бойынша нұсқаулар босануға дейінгі күтімді атқаратын мамандар үшін стандарты, нақты және мықты анықтама болып табылады.
Қазақстан бойынша, әдістемелік нұсқаулықты алғаш болып Атырау облысының медицина қызметкерлері алды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через