фото: pixabay.com
Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте жыл басынан бері шаһарда 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін хабарлады.
Алаяқтардың әрекеттерінен қала тұрғындарына 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген, деп жазды kaz.inform.kz.
Фото: Алматы қаласы ПД
«Қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағаланып жатыр», — деді Арыстанғани Заппаров.
Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через