фото: Фото: pixabay.com
Жаңа деректер Ресейдің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеуде егін жинау көрмесінде салмағы 817 келі болатын рекордтық асқабақ өлшенді.
Іс-шара «Аптекарский огород» ботаникалық бағының аумағында өтті. Бес алып асқабақтың біреуінің салмағы 817 келі тартты, ал былтырғы рекорд 771 келі болған.
14 қыркүйекте ботаникалық бақта ашылған алып көкөністер көрмесінде үлкен пияз, қызылша, цуккини, қияр және басқа да көкөністер ұсынылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через