15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынады

15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынады
фото: https://mirtesen.ru/

       Норвегия Үкіметі "балалардың миына дұшпандық танытатын" технологиялық алпауыттарға қарсы науқанды күшейтті. Норвегия әлеуметтік желіні пайдаланушылар үшін қатаң жас шектеуін енгізуді жоспарлап отыр. 

       Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стере бұл "қиын шайқас" болатынын мойындады, бірақ саясаткерлер балаларды "алгоритмдердің күшінен" қорғау үшін мұндайда табандылық танытуы керек деді.

       Қазіргі уақытта елде әлеуметтік желіні пайдаланушылар үшін ең төменгі жас шектеуі – 13. Дегенмен, Норвегиялық БАҚ агенттігінің зерттеуіне сәйкес, платформаларды 9-11 жас аралығындағы балалар белсенді пайдаланады.

       Балалардың жас шектеулерін айналып өтуіне жол бермеу үшін "Жеке деректер туралы" заңға түзетулер енгізу және пайдаланушылардың жасын тексеру үшін арнайы шараларды әзірлеу қажет болады.

"Балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау керек", – деп сендірді премьер-министр.

       Балалар және отбасы істері министрі Кьерсти Топпе үкіметтің банктік шот талап ету сияқты адам құқықтарын бұзбайтын шектеулерді қолдану жолдарын зерттеп жатқанын атап өтті.

       Австралия бұған дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желілерге тыйым салатынын жариялаған болатын. Әзірге пайдаланушыларға шектеу қойылмағанымен, 14-16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді шектеу күтілуде.

       Францияда мектептерде 15 жасқа толмаған балалардың ұялы телефонды пайдалануына тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр. Егер қабылданса, заң 2025 жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

       Біздің елге де осындай заң керек па, қалай ойлайсыз 

       https://inbusiness.kz/kz