Жапонияда Азия сапа Конгресінің кезекті отырысы басталды

Жапонияда Азия сапа Конгресінің кезекті отырысы басталды
фото: Сапалы Қазақстан порталы

Бүгін Жапонияның Йокогама қаласындағы Кейо университетінде XXII Азия сапа Конгресі (ANQ Congress 2024) ашылды.

ANQ ғылым мен техниканың ілгерілеуіне, ғылым жетістіктерін, заманауи инновациялық әдістемелер мен сапа менеджменті құралдарын қолдана отырып өнеркәсіптің дамуына үлес қосу арқылы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуге тырысады.

Бүгін ашылған жиында Вьетнам, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония  секілді 20 елдің ұлттық сапа ұйымдарының басшылары бас қосты.

Бұл беделді отырысқа біздің еліміздің атынан Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманұлы қатысып жатыр.

Фото "Сапалы Қазақстан" порталы.

Суретте солдан оңға қарай: Тонг Дуанг - Қытай сапа қауымдастығының вице-президенті, профессор Нориаки Кано - бүкіл әлем мойындаған тартымды сапа жобасының  авторы,  профессор, Халықаралық сапа академиясының академигі, Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманов.

Конгресс бағдарламасы:

17 Қыркүйек, 2024: ANQ Басқарма отырысы.

18-19 қыркүйек: ANQ Конгресі.

20 қыркүйек: кәсіпорындарға сапарлау және өндіріс барысымен танысу.

Фото mirq.ru.

Анықтама

Азия сапа ұйымы - Asian Network for Quality (ANQ) - 2002 жылдың қараша айында Азия елдерінің Стандарттау және сапа жөніндегі он ұйымының Токио кеңесінде құрылды. Содан бері оның мүшелері 40-қа жуық мемлекеттің коммерциялық емес ұйымдары болды. ANQ ұйымының мақсаты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, философия, сапа менеджменті әдістемесі саласындағы зерттеулерді ынталандыру арқылы ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің дамуына ықпал етуге бағытталған. Азиялық сапа ұйымы шеңберінде сапаны басқару саласында білім, үздік тәжірибе және инновациялармен алмасу ұйымдастырылады, жыл сайын конференциялар өткізіледі, сапа саласында ақпараттық материалдар шығарылады.