фото: https://www.google.com/doslovno.com
Алматы қаласында 26-27 қыркүйекте кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы Қазақстан, АҚШ, Түркия және Швейцарияның жетекші сарапшыларының қатысуымен гибридті форматта «Үдемелі жүрек жеткіліксіздігін емдеу: тәжірибе алмасу бойынша кездесу 2024» халықаралық конференция өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, «University Medical Center» корпоративтік қоры және Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы.
Конференцияның мақсаты: созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне (СЖЖ) шалдыққан науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазақстандық және шетелдік кардиология, кардиохирургия мамандарының өзара әрекеттесуі және тәжірибе алмасуы.
Конференцияда мейіргерлік секцияны қоса алғанда, пленарлық және секциялық отырыстар, механикалық LVAD имплантациялау бойынша Анкарадан келген (Түркия) профессор Umit Kervan-ның қатысуымен шеберлік класс және Mitraclip имплантациялау бойынша шеберлік класс (бұл операция Алматыда алғаш рет Цюрихтен келген (Швейцария) профессор Maurizio Taramasso-ның басшылығымен жасалады) және пациенттерге кеңес беру жоспарланған.
Іс-шараға тіркеліп, офлайн форматта қатысқан қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Өтетін орны мен күні: Достық даңғылы 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі.
26 қыркүйек, сағ. 08.00-09.00 - тіркелу,басталуы: сағ. 09.00, «Гранд Палас», залы,
27 қыркүйек, сағ. 09.00, Әйтеке би көшесі, 120, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты (шеберлік класс аясында операциялар жасалады).
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через