фото: https://pixabay.com/ru/
Суық тиген кезде сарымсақтың пайдасы мол екенін барлығымыз жақсы білеміз. Кішкентай кезімізде жөтеле бастасақ, анамыздың осы көкөністі күштеп жегізетіні естеріңізде ме? Олай болса, оның пайдалы тұстарын тағы бір рет еске түсірейік.
Қанша уақыт өтсе де, адам сарымсақтан артық дәрі ойлап тапқан жоқ. Жөтеле бастағанда, бірінші сарымсақтың көмегіне жүгінетініңізді мойындаңызшы. Сарымсақтың өзі, бал қосылған және сүт қосылған сарымсақ – мұның барлығы инфекцияны жойып қана қоймай, ағзаны қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Кейіпкеріміз күнделікті таңғы асқа сарымсақты тұтынған екен. Нәтижесінде оның ағзасында төмендегідей өзгерістер болған! Сарымсақ инфекциялық аурулар мен қышыманың алдын алады!
Ол қан қысымының дұрысталуына жауап береді. Артерияның қартаюын баяулатады. Рак жасушаларымен күресуге көмектеседі.
Қан ұйып қалудың алдын алады. Тұмауды емдейді. Бауыр мен жүрек-қан тамыры ауруларын алдын алады. Қан құрамындағы холестирин мөлшерін қалпына келтіріп отырады.
Иммунитетті күшейтеді. Жүйке жүйесін жақсартады. Олай болса, сарымсақтың пайдалы тұстарын біле жүріңіз
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через