фото: https://www.istockphoto.com/
Қазақстандықтар биыл жазда пойызбен қай жерлерге жиі барды?
Қазақстандықтар биыл жазда пойызбен қай жерлерге жиі барғаны белгілі болды.
"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы маусым-тамыз аралығында ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 4 миллион 207 мың адам тасымалданған.
"Осы жазда жолаушылардың ең көп саны Алматыдан шыққан – 730 мыңға жуық адам. Астанаға 580 мыңнан астам жолаушы, ал Шымкентке 260 мыңға жуық адам келді", - делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ, Бурабай курорты бағытында 154 мың жолаушы электр пойыздарымен жүрген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық.
Осы жазда Алакөл көлінің жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан және алғаш рет қызылордан 12 бағыт бойынша пойыздар қатынады. Он бағытқа "Жолаушылар тасымалы" компаниясы, ал екеуіне жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетті. Жазғы маусымда ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алакөл көліне 270 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.
Айтпақшы, Қазақстан бойынша пойыздар 144 бағыт бойынша жүреді, оның 103-і ұлттық тасымалдаушыға, 31-і жеке компанияларға, 10-ы басқа теміржол әкімшіліктеріне тиесілі.
https://kaz.tengritravel.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через