Қазақ жетімін жылатпаған халық. Сауалнама.

Қазақ жетімін жылатпаған халық. Сауалнама.
фото: pixabay.com

«Бала – ата-ананың бауыр еті» деген қанатты сөз бар. Бауыр етінен жаралған соң «көз қуанышының» бақытты ғұмыр кешуі, толыққанды отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленуі үшін ата-ана барын да, жанын да беруге даяр. Десек те, қоғамымыздағы бар баланың бірдей анасының аялы алақанын, жан жылуын сезінбейтіні ащы да болса шындық. Дүниеге шыр етіп келген сәбидің тірі жетімге, я болмаса тұл жетімге айналуы – бүгінгі қоғамның ауыр дерті.

Сол ата-анасынан айырылған балалар қалай тәрбиеленіп жатыр? Жетімдер үйінде өскен бала есейгенде елін ойлайтын жақсы азамат болып кете ме? Бұл сұрақты алматылықтарға қойған едік.