фото: АР агенттігі
Мысыр елінде екі пойыз бір-біріне соғылып, үш адам қаза тауып, 49 адам жараланды.
АР агенттігінің мәліметінше, қайғылы жағдай Эш-Шаркияның орталығы Загазиг қаласында болған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнына отыз жедел жәрдем көлігі мен қосымша медициналық бригада көмекке жіберілді деп отыр.
Зардап шеккендер Аль-Ахрар мен Загазиг университеттерінің қалалық ауруханаларына жеткізілген. Оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, 49 адам түрлі дене жарақатын алған. Тағы бес адамның жағдайы ауыр екендігі айтылуда.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через