фото: Netflix / Keystone Press Agency / Global Look Press
Үндістандық кинорежиссер Сохам Шах Netflix стримингтік платформасын сотқа берді. Ол америкалық компания түсірген Оңтүстік Кореяның «Кальмар ойыны» телехикаясы оның «Фортуна» үнді фильмінің плагиаты екенін айтты, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Bloomberg басылымының хабарлауынша, шағым Нью-Йорк федералды сотына берілді.
«Кальмар ойынының негізгі сюжеті, кейіпкерлері, тақырыптары, атмосферасы, барысы мен дәйектілігі Фортунаға ұқсас болғандықтан, мұндай ұқсастықтардың кездейсоқ болуы мүмкін екеніне сену қиын», - делінген шағымдағы жазбада.
Netflix өкілі бұл айыптаулардың негізсіз екенін айтты. Компания өз құқықтарын қорғауға ниетті.
2022 жылы «Кальмар ойыны» басты Эмми сыйлығын жеңіп алған алғашқы шетелдік драмалық сериал болды. Сериал шыққаннан кейін бірнеше ай бойы Netflix-тегі ең танымал сериялдардың бірі болды. Екінші маусым 2024 жылдың соңында, ал соңғысы 2025 жылы шығады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через