фото: pexels.com
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда жалған ақпарат жариялап, таратқандарға салынатын айыппұл көлемін атады, деп жазды kaz.inform.kz.
«Онлайн-платформа қолданушылары жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Әрине, ақпараттың жалған екені дәлелденген соң. Нақты айтсақ, жеке тұлғалар үшін 10-20 айлық есептік көрсеткіштен басталады, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда тұтқындалуы да мүмкін», — деп түсіндірді Қанат Ысқақов Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Бұған дейін вице-министр блогерлердің БАҚ өкілі ретінде тіркеліп, қызмет ете алатындығын айтқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через