фото: pexels.com
Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын өткелдің ұзындығы 840 метр. Енді Батыс Қытай-Батыс Еуропа көлік дәлізімен жүретін жүргізушулер үшін қатынас жеңілдейді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шақпақ баба асуына салынған екі жолақты өткелмен тәулігіне 20 мыңға жуық көлік өтеді. Бұған дейін көлік жүргізушілері ауыл іргесіндегі тар жолмен әрең қатынап келген болса, енді жерасты тоннелінің арқасында жол азабынан құтылмақ.
Николай Дернов, жүргізуші:
Шақпақ баба ауылындағы жол тым қолайсыз әрі бір жолақты. Оның үстіне ауылдың ішінен өткен соң, жүру қиындық туғызатын. Ал қыста ол жол жабылып, төрт күнге дейін тұрған кездеріміз болды. Енді мұндай қиындықтар болмайды деп үміттенеміз.
Жерасты өткелдің ені 11, биіктігі 8 метр. Құрылысына 10 млрд теңге қаражат жұмсалды. Он жыл бұрын басталған құрылыс әу баста ирандық компанияға жүктелді. Кейін пандемияның кесірінен жұмыс тоқтап, іс басына әзербайжандық компания келді. Сөйтіп сағызша созылған нысанның құрылысы биыл аяқталды.
Фото pexels.com.
Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:
Бұл жолдың еңістігі жоғарыға шығу көліктердің жоғары шығу 45 метрге дейін. Үлкен ойық болғаннан кейін оны қыста боран болған жағдайда басып қалу қаупі болатын. Енді сол кедергілер болмайды.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоннелдің екі қапталы жарық және дабыл құрылғыларымен, диспетчерлік пункттер салынған.
Бауыржан Оспан, диспетчер – оператор:
Видеобақылау арқылы тоннельдің ішінде не болып жатқанын бақылап отырамыз. Ішінде авария болуы мүмкін, өрт шығуы мүмкін, көлік қозғалысы тоқтап қалуы мүмкін. Соны тәулік бойы бақылап отырамыз.
Өткел қыста қатты боран болса ғана жабылуы мүмкін. Өйткені, ат құлағы көрінбейтін қарлы бұрқасында жүрку аса қауіпті дейді мамандар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через